Құқық қорғау органдары

Өңірде “Автобус” жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр

Солтүстікқазақстандық полицейлер дәстүрлі “Автобус” жедел-алдын алу шарасын өткізуде. Рейдтің алғашқы күнінде-ақ тәртіп сақшылары жол ережелерін елемеген 151 қоғамдық көлік жүргізушісін жауапқа тартты.

Көбіне автобус тізгініндегілер ұялы телефонмен сөйлеседі немесе жылдамдық режимін бұзады екен. Мәселен, Петропавл-Сарыағаш бағытында жүретін жолаушыларға лық толы мына ПАЗ автобусының жүргізушісі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кеткен. Бұл теріс қылығы үшін 49 жастағы ер азамат жарты жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Қалалық қоғамдық көліктер де полиция департаменті мамандарының бақылауында.

Азамат Жамуков, СҚО ПД ЖПҚ басқармасының аға инспекторы:

– Шара мақсаты – жолда жүру қағидаларын бұзудың алдын алу және қоғамдық көлік жүргізушілерінің жолдағы тәртібін жақсарту. Қалаға кіре берістегі “Оңтүстік” бекетінде өткен рейд барысында техникалық жағдайы бұзылған немесе сақтандыру полисінің мерзімі өтіп кеткен автобусты тізгіндеген жауапсыз жүргізушілерді анықтап, жауапкершілікке тарттық.

Саят Ермек