Қоғам

Ресейлік өндірушілер тіккен бөріктер

Әдемі әрі жылы. Петропавлда ресейлік өндірушілер тіккен “Мың бөрік” көрмесі өтеді.

Бастысы – мұнда өте сапалы дүниелерді қолжетімді бағамен сатып алуға болады. Топтамада әйелдер мен ерлерге арналған бас киімдердің мыңнан астам түрі бар. Сондай-ақ, тұрғындарға арнайы ұсыныс жасалып отыр. Мәселен, теріден тігілген ескі бөрікті оған қосымша төлем жасау арқылы жаңасына ауыстырып алуға болады. Көрме қаңтардың 17-сі мен 20-сы аралығында Сәтпаев көшесі, 37 мекен жайындағы қалалық мәдениет үйінде өтеді.

Байболат  Култанов