МТРА жаңалықтары

Енді билетті комиссия төлемей қайтаруға болады

Билетті қайтарып бергеннің өзінде комиссия төлемеу. Қаңтардың 15-сінен бастап қазақстандықтар үшін осындай қызмет түрі қолжетімді болып отыр.

Құны 3 мың 500 теңгеден төмен тұратын билетті жолаушы белгілі бір себептеріне байланысты кассаға қайта өткізетін болса, қалтасынан қағылмайды. Яғни, ол үшін бұрынғыдай 1000 теңге көлеміндегі айыппұл салынбайды. Ал бағасы 3 мың 500 теңгеден жоғары билеттерге әдеттегідей комиссиялық алым алынады.

Байболат  Култанов