Konstitutsia banner mobile

Спорт

Хоккейден ел біріншілігі жалғасуда

Демалыс күндері еліміздің бірнеше қаласында хоккей матчтары өтті. Жергілікті “Құлагер” командасы Павлодарға барып, “Ертіс” құрамасымен ойнады.

Алғашқы кездесуде айдын иелерінің мысы басым болды. Олар жерлестерімізді 3-те 1 есебімен тізе бүктірді. Ал келесі бәсекеде теріскейліктердің айы оңынан туды. Ол ойында солтүстікқазақстандықтар керекуліктерді 7 де 1 есебімен ойсырата ұтты. Қазіргі таңда “Құлагер” турнирлік кестеде 60 ұпаймен 6-орында тұр. Енді, теріскейліктер келесі ойынды рудныйлық “Горняк”-қа қарсы қаңтардың 16-сы және 17-сі күндері сырт алаңда өткізеді.

Байболат Бектемірұлы