Білім

2018 жылы СҚО-да колледждерге 4200 студент қабылданды

2018 жылы теріскейлік колледждерге қабылданған студенттердің 75 пайызы мемлекеттік грант иегері атанған. Жастардың тек төрттен бірі ақылы түрде оқиды екен. Олар қазір өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беретін 25 мекемеде болашақ мамандықтарының қыр сырын меңгеруде.

Білім алушыларға 900-ден астам білікті ұстаз дәріс оқиды. Жалпы, былтыр оқуға қабылданған талапкерлердің саны 2017 жылмен салыстырғанда 8 пайызға төмендепті. Осылайша, қазір облыс бойынша 1-ші курста 4200 жас бар. Бұл жалпы студенттер санының 35 пайызын құрайды.

Эльмира Садвокасова