МТРА жаңалықтары

2018 жыл бойынша СҚО-да инфляция көрсеткіші 6%-ды құрады

Бір жыл ішінде Солтүстік Қазақстанда азық-түлік емес тауарлардың бағасы 6,5%-ға өскен. Ал ақылы қызметтер өңір бойынша шамамен 4,5%-ға қымбаттапты.

Сондай-ақ, жерлестеріміз азық-түлікке де көбірек шығынданатын болған. Себебі, олардың бағасы 6 процентке көтеріліпті. Бұл тізімнің басында – жеміс-жидектер. Мұндағы өсім 9%-ды құрайды. Қант – 18, ет, сүт және кондитерлік өнімдердің құны 7%-ға артса керек. Кәріз бен суық судың тарифі – 8,5, орталықтандырылған жылу, ыстық су мен электр қуатымен қамту үшін баға 5%-ға өскен. Пойызбен немесе ұшақпен қатынау да қымбаттапты, ал медициналық қызметтердің құны 10%-ға артқан. Өңірде дизельдік отын құнының жоғарылауы 36%-ды құрап отыр, бензин болса, керісінше, 4,5%-ға арзандапты. Жалпы айтар болсақ, 2018 жыл бойынша Солтүстік Қазақстан облысындағы инфляция деңгейі 6%-ды көрсеткен.

Саят Ермек