Қоғам

СҚО-да күнкөріс минимумы өткен желтоқсан айында қандай болды?

Статистик мамандардың мәліметінше, СҚО-да ең төменгі күнкөріс деңгейі 2018 жылдың желтоқсан айында 24 мың 575 теңгені құраған. Сонда жыл бойына бұл шама 6,7 пайызға көтерілген екен.

Күнкөріс минимумының ішіндегі шығындар үлесінің 20 пайызын – ет пен балық, 15 пайыздан астамын – сүт, май және жұмыртқа құраған. 9 пайызы – жеміс-жидек, 8-і – нан мен жармаларға, одан қалғаны, яғни 2,5 пайызы дәмдеуіштер мен шай алуға жұмсалыпты. Ал тағамдық емес және ақылы қызмет түрлеріне солтүстікқазақстандықтар 11 мың теңгесін жаратқан. Жалпы, тұрғындар арасында ең көп қаржы жасөспірімдерге жұмсалады екен. Олардың қажеттіліктеріне кететін сома 31 мың теңгені құраса, 13 жасқа дейінгі балаларға 20 мың теңгенің көлемінде қаражат қажет көрінеді. Ал зейнеткерлер бірінші кезектегі мұқтаждықтарына айына 23 мың теңге жарататын сыңайлы.

Молдир Шаяхмет