Балалар

Қайырымдылық жасаудан жалықпайық!

Қайырымдылық жасаудан жалықпайық. Осы сөзді желеу еткен облыстық іскер әйелдер қауымдастығы отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілері мен көпбалалы отбасыдан шыққан 30 балғынға қысқы демалыстың соңғы күндерінде ерекше сый жасады.

Олар «Сinema Park» кинотеатрында «Аквамен» фильмін тегін тамашалай алды. Кешегі күні де 20 бала киноға келіп, жақсы әсер алып қайтқан. Осылайша «Асыл бала» қоғамдық қоры мен белгілі режисер Тимур Бекмамбетов ұйымдастырған «Вместе теплее» республикалық акциясы өңірімізде де қолдау тапты.

Мақсат Тасболатов:

– Кино қызықты болды. Маған ұнады.

 Сергей Мининбаев:

-Маған көптеген кинолар ұнайды. Бірақ, «Аквамен» фильміне ерекше келгім кеп жүрді. Мұнда атыс-шабыс көп емес. Кинотуынды сонысымен жақсы деп ойлаймын.

 

 

Магжан Ахмадина