Мәдениет

Жасөспірімдер “Ұрпақпен сұхбат” акциясына қатысты

“Ұрпақпен сұхбат”. Абылай хан резиденциясы мұражай-кешенінде жастарға арналған патриоттық акция ұйымдастырылды. Оған өңіріміздің аудандарынан келген 150-ге жуық жасөспірім қатысып, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлерімен әңгімелесті.

Қазір өңіріміздің аудандарынан келген жасөспірімдер үшін экскурсия өткізілуде. Оқушылар мұражай кешенінің ішіндегі көне жәдігерлерімен танысып, біраз мағлұмат алды. Оған қоса, «Ұрпақпен сұхбат» атты патриоттық акция да ұйымдастырылған. Жастармен кездесуге ҚР Қарулы Күштерінің ардагері Валерий Орлов арнайы шақыртылыпты. Еңбек ардагері оқушыларға әскери өмір жайлы біраз әңгімеледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара болашақ отан қорғаушылардың бойында патриоттық сезім ұялатуға септеспек.

Айман Абжапбарова – СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз хатшысы:

Бұл іс-шара жас ұрпақ арасында патриоттық және рухани құндылықтарды тәрбиелеуге бағытталған. Шараға барлығы 150 оқушықатысуда.

Сондай-ақ, оқушылар дамаск болатынан жасалған суық қарулардың көрмесіне де тәнті болды. Айту керек, мұражай кешеніне дейін оқушылар 6637 әскери бөлімін аралаған. Ол жерде жас ұрпақ әскери өмірдің қыр-сырымен таныса алды.

Жалпы бұл шара екі күнге созылады.

Дана  Ешкенова