Мәдениет

Жаңа кітаптар келіп түсті

Оқу құралдары, бизнес, саясат, психология пәндерінің оқулықтары, комикстер мен көркем әдебиет. С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының қоры тағы 500-ден астам кітаппен толықты.

Кәмилия Қауышева – кітапхананың тұрақы оқырманы. Сондықтан жаңа кітаптардың жеткізілгенін естіп мұнда әдейі келген. Зейнетке шыққанша балаларға сабақ беріп, алдынан талай шәкірт ұшырған білікті ұстазды бүгіндері психологиялық оқулықтар көбірек қызықтырады екен.

Кәмилия Қауышева – зейнеткер:

–  «Психология лжи» сол маған ұнады. Таба алмай жүрген кітабым, алдымнан шықты. Қазіргі заманның тақырыптары, бизнес. Ол өзіме емес, балаларыма, немерелеріме керек. Жұмыста, оқуларына көмек болады.

Жалпы осы тоқсанда кітапхана қоры 500-ден астам кітаппен толыққан. Оқырмандардың сұрауы бойынша бұл жолы біраз комикстерге тапсырыс жасалған.

Нәзира Ысқақова – С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының оқу залдары бөлімінің кітапханашысы:

–  Солтүстік Қазақстан баспасы қазақтың ұлы перзенті М.Жұбамаевтың 125 жылдығына арнап 2 томдық кітап шығарды. Соны бізге сыйлады. Тағы Ақмола облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы Мәлік Ғабдулиннің кітаптарының тұсаукесерін өткізді. Сонда 10 томдығын сыйға тартты.

Жалпы бүгіндері облыстық кітапханада 600 мыңнан астам кітап бар.

Мағжан Ахмадина