Спорт

“Құлагер” командасы көкшетаулық “Арланмен” кездесті

Қарашаның 11-інде құлагерліктер “Арлан” хоккей клубымен сырт алаңдағы екінші ойынын өткізді. Бірінші кездесу 2:1 есебімен көкшетаулықтардың пайдасына шешілген болатын. Ал екінші ойында “Құлагер” есесін қайтара алды ма?

Бірінші кездесудегідей ойын тізгіні “Арлан” құрамасында болды. 6-шы минутта олар құлагерліктердің қақпасына алғашқы шайбаны салды. Ал келесі минутта құлагерлік Денис Стасюк есепті теңестірді. Алайда келесі шайба қайтадан біздің қақпаға салынды. Есеп 2:1. Екінші периодта “Құлагер” командасы бар күшін жинап, ойынға қызу кірісті. Небәрі 1 миуттан соң Денис Стасюктің шайбасы қарсылас құраманың қақпасынан тағы саңылау тапты.

Алайда, көкшетаулықтар да оңай берілмеді. Аздаған уақыттан соң олар қайта ұпай еншіледі. Үшінші период та тартысты өтті. Қос құрама ойынды 4:4 есебімен аяқтады. Жеңімпазды анықтау булиттер сериясына дейін созылды. Бұнда біздің ойыншыларымыздың жолы болып, олар 5:1 есебімен жеңіске жетті. Енді “Құлагер” құрамасы қарашаның 24-25 күндері “Иртыш” командасымен кездеседі.

Молдир Шаяхмет