Қоғам

Өңірдегі орташа жалақы көлемі – 110 мың теңгеден асады

Үстіміздегі жылдың 3-ші тоқсанында өңірдегі орташа жалақы көлемі – 110 мың 853 теңгені құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда – 3,5 пайызға жоғары. Айта кетейік, аудандар арасында ең жоғары жалақы – 103 мың 994 теңгені – Ғ.Мүсірепов ауданының еңбеккерлері алады екен. Екінші орынға олардан 3 мың теңгеге кем алатын жамбылдықтар жайғасқан. Бұдан соң, тізімде Тимирязев ауданының қызметкерлері тұр. Олардың маңдай терімен тапқан ақшасы – 97 мың теңгеден сәл артық. Ал ең төменгі айлық 86 мың теңге Шал ақын және Уәлиханов аудандарына тиесілі.

Магжан Ахмадина