Мәдениет

“Айка” кинокартинасы тағы да үздік атанды

“Айка” ғаламды бағындыруда. Осыған дейін кино әлемінде еленген әлеуметтік драма Германияның КОтбус қаласында өтіп жатқан 28-ші халықаралық кинофестивальдің гран приін де жеңіп алды. Жалпы, шара барысында 40 мемлекеттің 190 фильмі таныстырылыпты.

Алайда, барша әлемнің жоғары бағасына биыл жарыққа шыққан “Айка” кинокартинасы ие болды. Туындыны Қазақстан, Ресей, Польша, Германия мен Қытай елдері 6 жыл бойы бірлесіп әзірлеген еді. Атап өткен жөн, 71-ші Канн кинофестивалінде осы фильмде басты кейіпкерді сомдаған жерлес актриса Самал Есләмова «Ең үздік әйел рөлі» номинациясының жеңімпазы атанған болатын.

Самал Есләмова, 71-ші Канн кинофестивалінің «Ең үздік әйел рөлі» номинациясының жеңімпазы:

– Мен түскен “Айка” және “Тюльпан” фильмдері бірнеше елдің қатысуымен жарық көрген болатын. Жалпы, бұндай халықаралық кинокартиналарда белгілі бір рөлді сомдау кез-келген актер үшін үлкен мәртебе.

Эльмира Садвокасова