Спорт

“Құлагер” командасы көкшетаулық “Арланмен” кездесті

Тағы қарашаның 11-інде “Құлагер” командасы да турнирлік кестенің көшбасшысы көкшетаулық “Арланмен” кездесті. Ойын өте тартысты өтті.

Бірінші период басталысымен екі құрама да бір-бірінің қақпасына шайба салуға ұмтылды. Алайда, қос команданың бұл ойлары іске аспады. Ал екінші кезеңнің 10-шы минутында құлагерлік Виталий Андрейкивтің шайбасы қарсылас қақпадан саңылау тапты. Үшінші периодта “Арлан” құрамасы есепті теңестіріп үлгерді. Сондықтан, ойыншыларға тағы қосымша уақыт берілді. Бірақ, қос команда да бұл мүмкіндікті пайдалана алмады. Үздік команда буллиттер сериясында ғана анықталды. Өкінішке қарай, бұл жолы да көкшетаулықтар алға шығып, 2:1 есебімен “Құлагер” құрамасын жеңіп кетті. Осылайша аталған кездесудің нәтижесі бойынша теріскейлік команда 44 ұпаймен турнирлік кестенің 4-ші сатысына тұрақтады.

Молдир Шаяхмет