Спорт

Өңір футболшылары қостанайлық құрамадан жеңіліс тапты

Қарашаның 11-де “Қызылжар СҚ” футбол клубы биылғы маусымдағы соңғы кездесуін қостанайлық “Тобылмен” өткізді. Сырт алаңдағы ойын петропавлдық құраманың премьер-лигадағы тағдырын шешетін маңызды матчқа айналды.

Кездесудің 2-ші минутында қызылжарлық қақпаға қарсыластар алғашқы допты дарытып, есеп ашты. Кейін “Тобыл” командасының футболшылары бұл қарқынын үдетпесе, бәсеңдеткен жоқ. 2-ші таймда қостанайлық шабуылшы Максим Федин таблодағы есепті тағы бір ұпаймен еселей түсті. Кейін тобылдық аяқдоп шеберлері жергілікті құрама қақпасынан тағы бір саңылау тауып, ұпай айырмасын жоғарылатты. Ойын 3-те 0 есебімен қостанайлықтардың пайдасына шешілді. Өстіп, қызылжарлық құрама премьер лиганың турнирлік кестесінде бірден 11-ші орынға құлдырады. Сондықтан, келер маусымда жергілікті құрама бірінші лигада өнер көрсетпек.

 

 

Бахыт Садвокасов