МТРА жаңалықтарыҚоғам

40 экспонентке салтанатты түрде марапат табысталды

Қазақстан мен Ресейдің 15-ші өңіраралық ынтымақтастық форумы екі жақ үшін де сәтті өтуде. Алғашқы күні ауқымды көрме ашылып, туризм саласындағы жетекші мамандардың қатысуымен бірқатар баспасөз конференциялары және панельдік сессиялар ұйымдастырылды. Бұған қоса, қос тараптың делегациялары меморандумдар жасасты.

Кешегі күннің соңында форум аясындағы көрмеге қатысуға ниет білдірген 40 экспонентке салтанатты түрде марапат табысталды. Тағы белсенділік танытып, шараны жоғары деңгейде ұйымдастыруға ат салысқан еріктілердің еңбегі еленді.

Эльмира Садвокасова