Қоғам

Негізгі экономикалық қызмет түрлері бойынша жалақы белгілі болды

2018 жылдың үшінші тоқсанында облыстағы бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 110 853 теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі еңбекақымен салыстырғанда 3,5% пайызға жоғары.

Салалық құрылымдар бойынша ең жоғары жалақы кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазушыларға тиесілі. Ондағы айлық табыс орташа облыстық көрсеткіштен 2,7 есе асып түсіп, 296 мың теңгені құраған. Қаржы және сақтандыру қызметінде жүрген жерлестеріміз орташа 204 мың теңге, ал көлік және қоймалау қызметкерлері үшінші орында тұрақтап, ай сайын 180 мың теңгеден алған.
Керісінше, төмен жалақы өнер, ойын-сауық және демалыс саласының қызметкерлеріне тиесілі. Олар орташа алғанда 75 500 теңгеден нәпақа тауып, облыстық көрсеткіштен 31,9%-ға кем айлықты місе тұтуда. Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласының еңбеккерлері орташа алғанда 72 мың теңгеден алып жүр. Бұл да облыстағы орташа еңбекақыдан 35% кем.

Гульмира  Шохтыбаева