Ауа райы

Қарашаның 8-і өңір аумағында желдің күшеюі күтілуде

Енді ауа райына кезек берсек. “Қазгидрометтен” түскен соңғы мәлімет бойынша ертең, қарашаның 8-і өңір аумағында солтүстік-батыстан екіпіні күшті жел соғады.

Оның қарқыны 15-20, ал кей жерлерде 23-28 метрге дейін жетеді деп күтілуде. Сондай-ақ тұман түсіп, боран мен көктайғақ болуы ықтимал. Осы орайда құтқарушылар тұрғындарға барлық қауіпсіздік ережелерін қаперде ұстау қажеттігін ескертеді.

Дана Ешкенова