МТРА жаңалықтары

Өңірде нан бағасы қымбаттады

Астықты өңірде нан қымбаттады. Ас атасының құны бірден – 6 пайызға өскен.

Мұндай жағдай түнгі уақытта электр энергиясын пайдалану үшін төленетін сараланған тарифтердің алынып тасталуы және астық бағасының артуы салдарынан орын алды дейді Петропавл нан-тоқаш комбинатындағылар. Тағы өткен айда жұмыртқа – 4,3, қант – 3,2 процентке шарықтапты. Оларға ілесе ұн, жарма мен макарон өнімдерінің де құны 2 пайызға қымбаттаған. Азын-аулақ болса да, кондитер, ет және сүт тауарларының бағасы да өсті. Ал балық, көкөніс пен жеміс-жидек құны керісінше төмендеген. Бензин – 0,2 пайызға арзандады. Сондықтан поездбен емес темір тұлпармен жолға шыққан тиімді. Өйткені, темір жол қызметінің құны – 7,2 процентке қымбаттап кетті.

Магжан Ахмадина