Құқық қорғау органдары

Учаскелік полицейлердің есептік кездесуі жалғасуда

Қызылжар ауданына қарасты Бугровское селолық округінің құрамына 5 бірдей ауыл кіреді. Мұнда мыңға жуық тұрғын бар. Екі жыл бойы елді мекендердегі тәртіпті полиция капитаны Ерлан Барбанов қадағалап жүр. Үстіміздегі жылдың басынан бері округте 6 қылмыс пен 58 әкімшілік құқықбұзушылық тіркеліпті.

– Мне самой приходилось обращаться к нему за помощью и он приходил и решал все компетентно, профессионально, корректно. Я очень ему благодарна.Он нам нужен. Пусть он у нас останется, мы ему будем помогать. Мне просто обидно за него: такое большое население и сидят, все, молчат.-Мы поддерживаем его!.

Ауылдықтар риза болғанымен, әлі де ашылмаған істер бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Бұндай тапсырманы елді-мекендердегі тәртіп сақшыларына өңіріміздің бас полицейі Берік Біләлов жүктеді. Облыстық ІІД бастығына Шал ақын ауданына қарасты Приишим селолық округінің учаскелік инспекторы да есеп берді. Ринат Байсейітовтың қарамағында 4 ауыл бар екен. Жыл басынан мұнда 190 адам әкімшілік жауапқа тартылған. Ал, құқықбұзушылықты болдырмау үшін Повозочное елді мекенінде жергілікті серіктестік басшысы 34 бейнебақылау камерасын орнатыпты. Есептік жиындардан соң, Берік Біләлов өз мәселелерін арқалап келген тұрғындарды да қабылдады.

Эльмира Садвокасова