Мәдениет

Омбы қаласының «Арлекино» қуыршақ театры СҚО-да спектакль қояды

Қарашаның 8-і мен 9-ы күндері Омбы қаласының «Арлекино» қуыршақ театры солтүстікқазақстандық бүлдіршіндерге арнап ертегі сахналайды.

Қойылым “Қоян, түлкі әтеш” деп аталады.Ал бұған дейін жергілікті облыстық қуыршақ театрының ұжымы гастрөлдік сапармен Омбы қаласына барып, “Сказки на лавочке” деген спектакльді сахналап қайтқан болатын.
Жалпы, бұл екі тарап арасындағы әріптестік тәжірибе алмасу жуық арада Петропавл қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің 15-ші өңіраралық ынтымақтастық форумы қарсаңында ұйымдастырылып отыр.

Наталья Жанибекова – Облыстық қуыршақ театры әдеби бөлімінің меңгерушісі:

– Біздің актерлердің өнері Омбы қаласының балғындарына қатты ұнады. Көздеген мақсатымыз кішкентай көрермендердің тілін тауып, тікелей қарым-қатынас орнату болатын. Қойылым барысында арнайы жарық пен музыканы қолданған жоқпыз. Балаларды көбірек сөйлетуге тырыстық, есесіне барлығы шынайы өтті.

Дана  Ешкенова