МТРА жаңалықтары

Ең төменгі күнкөріс минимумы өсті

Облыс бойынша қазан айындағы ең төменгі күнкөріс минимумы 27 354 теңгені құрады. Өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда оның көлемі 18,8% артқан.

Бұл көрсеткіш негізгі азық-түлікке кететін ең төменгі шығындардың есебінен анықталады. Осылайша, соманың 17,3 пайызы ет пен балық алуға, сүт-май және жұмыртқа өнімдеріне 13 пайызы, 15,3 проценті көкеніс пен жемістердің үлесінде кеткен. Нан-тоқаштар алуға бір айда бұл қаржының 7,2 проценті жұмсалса, қант, шай мен дәмдеуіштер 2,1 пайызын құрады. Азық-түлік емес тауарлардың шығыны 2018 жылдың қазанында 12 309 теңгеге жетіпті.

Гульмира  Шохтыбаева