Әр түрлі

Қазақстандықтар желтоқсан айында 13 күн демалады

Қазақстандықтар биыл қыстың алғашқы айында үш мейрамды атап өтеді.

Тұңғыш Президент күні сенбіге түсіп тұрғандықтан, ел тұрғындары желтоқсанның 1-і мен 3-і аралығында тынығады. Оған қоса, Тәуелсіздік мерекесінде тағы төрт күндік демалыс берілмек. Жаңа жыл мерекесі болса, биыл дүйсенбіге сәйкес келеді. Осыған орай, жұмыс күні – сенбіге, яғни 29-шы желтоқсанға ауыстырылады. Сонда желтоқсан айында жалпы алғанда тұрғындар 13 күн тынығады екен.

Молдир Шаяхмет