Құқық қорғау органдары

Петропавлда жол-көлік оқиғаларынан 74 жерлесіміз жапа шекті

Жыл басынан бері облыс орталығында жол-көлік оқиғаларының салдарынан 74 жерлесіміз зардап шеккен. Ал 1 петропавлдықты көлік соғып, қаза тапты. Өңір полицейлері мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қазір рейдтік шараларды жиілетіп отыр.

Полицейлер жаяу жүргіншілерге жолда жүру ережесін бұзбауды қанша айтқанымен, көп жағдайда олар ескертулерге құлақ аспай жатады. Бұл жолы да тәртіп сақшылары жерлестерімізге көшені белгіленген жерден өту керектігін тағы бір қаперге салды.

– Вы целенаправленно идете и нарушаете ПДД. Переходите дорогу в неустановленном месте, хотя от вас в 30 метрах находится светофор, где есть регулируемый пешеходный переход. Почему нарушаете?

– Вот так.

– Сейчас в отношении Вас сотрудником полиции будет составлен административный протокол. В отношении Вас будет вынесено постановление о штрафе в размере 3 МРП, штраф.

Кезекті жедел профилактикалық іс-шараның 4 күнінде жол жүру ережесін бұзуға қатысты 700-ге жуық факті анықталыпты. Оның 2 жағдайында тұрғындар жолды жаяу жүргіншілер жолағынан тыс жерден кесіп өтсе, 7 жерлесіміз қиылыстан өту қағидасын өрескел бұзған. Бұдан өзге полицейлер жаяу жүргіншілер тарапынан жіберілген 108 бұзушылық фактісін әшкерелепті.

Баян Байғаскина – СҚО ІІД ЖПҚ аға инспекторы:

– Ағымдағы жылдың басынан 4900-ге тарта жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жаяу жүргіншілердің қатысуымен 26 ЖКО жасалды. Оның ішінде 13 ЖКО жаяу жүргіншілердің өз кінәсінен болған.

Петропавлда жыл басынан бері орын алған жол-көлік апаты салдарынан 74 адам түрлі дене жарақатын алған. Ал 1 жерлесімізді көлік соғып, қаза тапты.

 

 

Бахыт Садвокасов