Қоғам

Өңірдің іскер әйелдері қоғамдық тыңдау өткізді

Облыстың іскер әйелдері бас қосып, қоғамдық тыңдау өткізді. Шара барысында еліміздегі жанұя мәртебесін көтеру жайы сөз болды.

Бұл мақсатта биыл теріскейде “Мерейлі отбасы” ұлттық байқауының өңірлік кезеңі өткізілген болатын. Конкурстың ұйымдастырылуына облыстық iскер әйелдер қауымдастығы да ат салысты. Бұдан бөлек, ұйым өкілдері жыл сайын көпбалалы жанұяларға демеу көрсетеді екен. Бизнесвумендер 35 бірдей отбасыны өз қоластарына алып, азық және киім-кешекпен қамтуға көмектесіп жүр. Ал, қазір қауымдастық менторлік, яғни тәлімгерлік бағытындағы жұмысын бастап кетіпті.

Бақытжан Сәмиева – СҚО iскер әйелдер қауымдастығының төрайымы:

– Біз қазір елді мекендерге барып жас қыздарды бизнеске тарту бағытында жұмыс істеп жүрміз. Оларды мемлекет тарапынан жасалып жатқан бағдарламалармен таныстырып, ақыл-кеңесімізді береміз.

 

 

Эльмира Садвокасова