Қоғам

Өңірдегі орташа жалақы 111 мың 772 мың теңгені құрайды

Статистик мамандар өңірдегі жалақы мөлшеріне бақылау жасады. Нәтижесінде теріскейдегі орташа еңбекақы – 111 мың 772 теңгені құрайтындығы анықталып отыр.

Айта кетейік, қазіргі таңда 75 мың теңгеге дейінгі айлықты көбінесе көлік ұйымдарында, ақпарат және байланыс, сауда, ауыл, орман мен балық шаруашылығы саласында жұмыс істейтін жандар алады. Ал, орташа деңдейден жоғары еңбекақы – қаржыгерлер мен сақтандырушы қызметкерлерге тиесілі. Бұл мамандардың 15 пайызының нәпақасы ай сайын 330 мың теңгеден асатын көрінеді.

Култанов Байболат