Тұлға

Қазақстан мен Ресей арасында телемост өтті

Петропавл – Қорған – Салехард. Бүгін аталған үш қаланың тарихшы, өлкетанушылары мен әдебиетшілерінің басын біріктірген телемост өтті. Онлайн шара Константин Носиловтың 160 жылдығына арналды.

Тау тұлға зерттеуші ретінде қос мемлекетке де танымал. Себебі, Қорған қаласының тумасы Отанында ғана емес, Қазақстан жерінде де болып, еңбек еткен. Осындай жолсапарларының бірінде автордың «Қырғыз даласында» атты повесі жарық көріпті. Туындыда 19-ғасырдын соңы мен 20-ғасырдың басында болған оқиғалар жіті баяндалады. Жалпы, бұл еңбегіне Константин Ностилов Украинадан қоныс аударғандардың тұрмысын арқау еткен көрінеді. Зерттеушінің жазбаларында Шығыс Қазақстан мен теріскей өлкесі туралы біраз мағлұматты кезіктіруге болады.

Серік Дүйсенов – тарихшы, өлкетанушы:

– Солтүстік Қазақстан туралы 1896 жылы жарық көрген журналдардың бірінде айтылған. Константин Ностиловтың «Петропавл»атты мақаласында шаһарға толық сипаттама беріліпті. Яғни, еңбегінде қаланың ерекшелігі мен полиэтникалық құрамы көрсетілген. Бұл туынды өлкетанушы, тарихшылар үшін өте пайдалы дүние.

Култанов Байболат