Ауа райы

Қазгидрометтің соңғы деректеріне сәйкес, ертең, 30 қазан, күшті солтүстік-батыс жел

Қысқа қымтанар уақыт келді. “Қазгидромет” берген соңғы мәліметтерге сай ертең, қазанның 30-ы, өңір аумағында солтүстік-батыстан екіпіні күшті жел соғады.

Түнгі уақытта оның жылдамдығы 15-20, ал күндіз 23-28 метрге дейін жетеді деп күтілуде. Тағы қою тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Осы орайда құтқарушылар қарт адамдар мен балаларды қараусыз қалдырмай, қауіпсіздік ережелерін қаперде ұстауға кеңес береді.

 

Култанов Байболат