Құқық қорғау органдары

Ішкі істер министрінің орынбасары

Өңірімізге жұмыс сапарымен ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғынбаев келіп, бірқатар полиция бөліністерін аралады.

Мәселен, жол-патрульдік полиция қызметінің мамандары Ерлан Тұрғынбаевқа күнделікті қызметте қолданылатын заманауи технологияларды көрсетті. Солардың бірі – электрондық форматтағы база. Бұл жаңашылдық арқылы құқықбұзушылар жайлы барлық мәліметтерді жол бойында-ақ алуға болады екен. Бұдан бөлек, мейман көші-қон қызметі орталығына да бас сұқты. Жыл басынан бері мұндағы мамандар тұрғындарға 200-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетіпті. Бұл ретте Ішкі істер министрінің орынбасары іске цифрлық технологияларды белсенді енгізу қажеттігін тапсырды. Айта кету керек, қазіргі күні өңірде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Оның барысында 1200-ден астам құқық бұзушылық анықталды.

Эльмира Садвокасова