Ауыл шаруашылығы

Өңір диқандары 5 млн 300 мың тонна астықты қамбаға құйды

Өңірде дәнді-дақылдарды жинау науқаны 100 пайызға аяқталды. Биыл теріскейлік диқандар 5 млн 300 мың тонна астықты қамбаға құйыпты.

Орташа гектар берекелігі 19 центнерден айналып отыр. Былтыр бұл көрсеткіш 18,2 центнерді құраған еді. Сонымен қатар, бүгінгі күні облыс шаруалары 800 мың тонна майлы дақылдарды бастырыпты. Әлі алда 50 мың гектар жердегі күнбағыспен 19 мың гектер танаптағы зығырды ору қажет. Тағы, айта кеткен жөн теріскейде картоп жинау науқаны да аяқталды. Биыл фермерлер 588 мың тонна өнімді теріп алған. Бұдан бөлек, кезекті маусымда жерлестеріміз 110 мың тонна көкөніс өсірген.

Култанов Байболат