Білім

Халықаралық педагогикалық марафонның қорытындысы жарияланды

Петропавлдағы “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығында халықаралық педагогикалық марафонның қорытындысы жарияланды. Онлайн режімде өткен байқау мамырда басталған болатын. Қазақстан, Ресей мен Белорусиядағы жас педагогтардың көшбасшылық қасиетін дамытып, кәсіби шеберліктерін арттыруды көздейтін додаға жергілікті оқытушылар әділ қазылар ретінде қатысқан.

Облыстық “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығындағы дөңгелек үстелге халықаралық педагогикалық марафонға қатысқан қазылар алқасы жиналды. Бұл байқау осы жылдың мамыр айында ұйымдастырылған болатын. Оған Ақмола, Маңғыстау облыстары, Ресейлік Санкт-Петербор, Түмен өлкелері мен Беларуссия республикасының мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің 81 жас педагогы қатысыпты. Бүгін онлайн-режімде сол байқаудың қорытындысы шығарылады.

Светлана Шәукерова – «Өрлеу» БАҰО» СҚОФ АҚ инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы:

– Байқаудың мақсаты – жас педагогтардың ғылыми тәжірибесін тарату, олардың халықаралық кеңістікте білімін, тәжірибесін бір-бірімен бөлісу болып табылады. Марафонға 61 жұмыс ұсынылды.

Маңызды халықаралық марафонда қазылық жасау Петропавлдағы 9 бірдей педагогқа бұйырыпты. Олар НЗМ, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ мен өрлеудің оқытушылары, және жыл мұғалімі байқауларының жеңімпаздары. Солардың бірі – бірінші қалалық жалпы білім беру лицейінің физика пәнінің мұғалімі Елена Землякова. Ұстаз қатысушылардың эсселерін бағалайтын комиссияның құрамында болған.

Елена Землякова – бірінші қалалық жалпы білім беру лицейінің физика пәні мұғалімі:

– Біз ұсынылған эсселерді оқып, үздіктерін іріктеп алдық.Әрбірінің авторлық құқығына, ойлау шеберлігіне баса мән бердік. Негізі эссе оңай дүние емес. Оны жазудан бөлек, оқырманды қызықтыра білу керек. Осы талапты орындай алғандар ғана үздіктер қатарынан көрінеді.

Міне қорытынды шығарар сәт те келіп жетті. Өстіп байқаудың 13 аталымында 40 қатысушы жүлдегер атанды. Енді жңімпаздарды анықтау сәтін онлайн түрде тамашалаған үздік педагогтар көп ұзамай өздеріне тиесілі дипломдарын алмақ.

 

Бахыт Садвокасов