Спорт

Бұқаралық спорт – ұлт денсаулығының кепілі

Қазақстан бұқаралық спортты қолдайды. Осы жоба аясында «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының 1 млн 800 мың теңге көлеміндегі әлеуметтік тапсырысын жеңіп алып, оны сәтті жүзеге асырды.

Атқарылған шаруа туралы белсенділер бүгін есеп берді. Мәселен,
3 айдың ішінде жасотандықтар ауқымды жұмысты еңсеріп, 50-ден астам шара өткізіпті. Шілде, тамыз және қыркүйек айларында ұйым мүшелері түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырып, оған өңір тұрғындарын кеңінен тартқан.

Абылайхан Қайроллаев – «Жас Отан» ЖҚ СҚОФ төрағасы:

– Бұл тапсырыстың басты шаралары – «Ринг патшайымы», 3*3 баскетболдан жарысты айтып өтуге болады. Жастар арасында футболдан жарыс өтті. Бұл ең үлкен шаралар деп айтуға болады.

Эльмира Садвокасова