Бизнес және экономика

Жыл басынан бері облыстағы шағын және орта бизнес субьектілері өнім өндіру көрсеткішін ұлғайтқан.

Өткен жылғы сандармен салыстырғанда өсім 13%-ды құрайды.

Қазіргі таңда СҚО-да 28 мың бизнес субъектісі бар. олардың 70%-ын жеке кәсіпкерлер құрап отыр. Дегенмен, шығарылатын өнім көлсемі жағынан заңды тұлғалар олардан 9 есеге асып түскен. Қаңтар-маусым айларында олар 172 млрд теңгенің өнімін шығарыпты. Ал фермерлік және шаруа қожалықтары бұдан 19 есеге аз тауар өндірген. Айта кетейік, шағын және орта бизнесте барлығы 104 мың теріскейлік жұмыс істейді. Бизнестің бұл секторы өңірлік жалпы өнімнің төрттен бір бөлігін қамтамасыз етеді.

Байболат  Култанов