Қоғам

Нәзікжандыларға арналған теңдесі жоқ клуб

Денсаулығына бей-жай қарамайтын нәзікжандыларға арналған бірегей орталық. Петропавлда (Вэлнес Спа Клаб Скинни) Wellness & Spa Club Skinny фитнес клубы өз есігін айқара ашты. Еуропалық үлгідегі кешенде қыз-келіншектер үшін қызметтің түр-түрі көрсетіледі. Мұнда кез келген бұрымды өңірде теңдесі жоқ тренажерларда жаттығып, спа-процедураларды қабылдай алады.

Бұл – қаламызда теңдесі жоқ клуб. Себебі, орталық тек нәзікжандыларға арналған. Алайда, олардың жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмайды. Денсаулықты нығайтып, дене бітімін жақсартқысы келетіндер үшін мұнда қызметтің барлық түрлері көрсетіледі. Мамандар әрбір келушіге жеке жаттығу жоспарын құруға көмектеседі. Бағдарлама денеге көп қысым түсірмей, бұлшықеттерді шынықтыруға бағытталған. Бірақ бұл, орталықтың жалғыз ерекшелігі емес.

Яна Яуфман – Wellness & Spa Club Skinny фитнес клубының әкімгері:

– Біз әр қыз-келіншектің өз арманындағы дене бітіміне қол жеткізуіне септесеміз. Бірақ, барлық процедуралар мен тренажерларға алдын-ала жазылу қажет. Осылайша, мұнда ондаған минуттарға созылатын ұзын-сонар кезек болмайды. Яғни, өзінің алтын уақытын бөліп келген нәзікжандыларымыз белгіленген жоспар бойынша ғана жұмыс істейді. Айта кеткен жөн, әрбір тренажердің өз ерекшелігі бар. Мұндай құрылғыларды шаһарымыздағы басқа фитнес клубтардан кездестірмейсіздер.

Фитнес орталық еуропалық үлгі бойынша жасақталған. Қазір мұндай клубтарды Қазақстанда жиі кездестіруге болады. Алайда, шаһарымызда бұл нәзікжандылардың алғашқы алаңы болып саналады. Абонементті қыз-келіншектер өздері таңдай алады. Яғни, стандарттық ұсыныстан бөлек, уақыты бойынша ыңғайлы қызмет түрінің жиынтығын құрау мүмкіндігі қарастырылған. Дегенмен, таңдау жасау оңайға соқпайтыны анық. Неге десеңіз, мұнда тренажерлардың 20-ға жуық түрі бар.

Эльмира Сәдуақасова – тілші:

– Болашақ фитнесі енді біздің шаһар тұрғындарына да қолжетімді. Бірегей EMSжаттығуы электродтар орналастырылған мына костюмнің көмегімен жүзеге асырылады. Құрылғы бұлшықеттердің барлық топтарымен жұмыс істейді. Сондықтан, осындай 25 минуттық жаттығу әдеттегі фитнесстің 3 сағатына тепе-тең.

Ал, бұл – баротренажер. Құрылғы нәзікжандының дене бітімін қалыпқа келтіруге бағытталған. Арнайы вакуумдық костюм әсіресе проблемалық аймақтарды реттеуге септеседі екен. Тренажердің әсері көп күттірмей-ақ білінеді дейді мамандар.

Спорттық сауықтыру бағытындағы орталықта тағы 8 арнайы смарт кереует бар. Оларды Еуропада нағыз еріншектерге арналған тренажерлар деп атап кеткен. Себебі барлық жаттығуларды сіздің орныңызға осы құрылғылар жасайды. Кереуеттің тек бір бөлігі ғана қозғалады.

Ал, денені қыздырып, шыныққаннан кейін нәзікжандылардың сүйікті процедураларына да кезек жетеді. Мұндағы құрылғылар шаршағанды дереу басады. Бұл – олардың жалғыз артықшылығы емес. Емдеу шарасы қан айналымын реттеп, ағзадағы мөлшерден тыс сұйықтықты шығарады. Осыған ұқсас орталықта тағы термопроцедура да бар. Ол жылу алмасу арқылы артық салмақтан арылуға сеп болады. Наталья Батарышкина болса, бүгін массаж креслосын таңдапты.

Наталья Батарышкина:

–  Жаттығудан кейінгі массаж барлық бұлшықеттерді босаңсытады. Ауыр жұмыс күнінен кейін бұл екі есе пайдалы деп ойлаймын. Өз басым тренажерға алғаш рет отырдым. Алған әсерімді сөзбен айтып жеткізуге болмайды. Массаж дененің барлық мүшелеріне жасалды.

Бұл да бұрымдыларға арналған процедуралардың соңғысы емес. Орталықта білікті косметолог жұмыс істейді. Евгения Тимошарованың бұл саладағы тәжірибесі мол. Нәзікжанды өз жұмысында тері күтіміне қажет тек табиғи косметиканы қолданады екен.

Евгения Тимошарова, Wellness & Spa Club Skinny фитнес клубының косметологы:

– ESMA-ревиталь- аппараты төрт блоктан тұрады. Нәзікжандылар мимикалық әжімдермен күресіп әлек болып жатады. Көбі түрлі инъекциялардың көмегіне жүгінеді. Ол сырт көріністен әдемі болғанымен, уақыт өте келе салдары да байқалады. Ал, ESMA-ревиталь- аппаратының көмегімен сол нәтижеге теріге еш зақым келтірмей қол жеткізуге болады. Яғни, құрылғы ешбір із, көгеру, беттің ісуін қалдырмайды.

Нәзікжандыларға арналған Wellness & Spa Club Skinny Казахстанская правда, 73 мекен-жайы бойынша орналасқан. Орталықтың есігі өз дене бітіміне бей-жай қарамайтын қыз-келіншектер үшін таңғы 8-ден кешкі 10-ға дейін айқара ашық.

Эльмира Садвокасова