Құқық қорғау органдары

Өңірдің бас полицейі Мамлют аудандық ІІБ жұмысымен танысты

Облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы Берік Біләлов Мамлют ауданындағы полицейлердің жұмысын тексерді. Бүгінде олар ауданындағы 11 селолық округ пен 1 шағын қаланың қауіпсіздігіне жауапты.

Жұмыс сапары барысында Берік Біләлов, аудан орталығының жұмысшы кентінің тұрғындарын қабылдады. Келушілерді негізінен ауданды абаттандыру, ішкі істер органдарына жұмысқа тұру мәселесі толғандырса керек. Сонымен қатар, аудандық ішкі істер бөлімінің плацында Берік Біләлов, полицейлердің қызметтік көліктері мен жеке күзет агенттіктерінің дайындығын тексерді. Департамент басшысы кезекші бөлім мен қызметтік кабинеттердің жағдайын да байқап, тиісті нұсқаулықтар берді.

Бахыт Садвокасов