Ауыл шаруашылығы

Айыртау ауданынының Елецкое ауылындағы карантин аяқталды

Айыртау ауданынының Елецкое ауылындағы карантин аяқталды. Еске салсақ, маусым айының ортасында аталған елді-мекенде құстар жаппай қырылған болатын. Мамандар олардан Ньюкасл індетін тауып, ауылда карантин жариялады.

Бұл аурудың кесірінен 485 бас құс өліп, 18 аула зардап шекті. Осыған орай эпизоотикаға қарсы республикалық жасақ 68 аулада дезинфекция жұмыстарын жүргізді. Ал, 1,5 мың құс вакцинациялау шарасынан өтті. Мамандардың сөзінше, қазір жағдай тұрақты. Айта кеткен жөн, Ньюкасл ауруы адамдарға жұқпайды.

Молдир Шаяхмет