Спорт

Жерлес самбошы әлемдік жарыстан бас жүлдені қанжығалады

Өңір спортшысы Мақсат Нүсіпов самбодан 19-шы әлем чемпионатында бас жүлдені қанжығалады. Байрақты бәсеке қазанның 21-і мен 22-сі аралығында Марокко мемлекетінде өткен еді.

62 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Мақсат, ақтық кезеңде ресейлік азулы спортшымен кездесті. Бірақ, тәжірибесі толысқан теріскейлік самбошы айласын асырып, әлем чемпионаты титулын өз қоржынына салған. Жерлес спортшы қазанның 24-і күні туған жеріне оралады. Айта кетейік, әлемнің 32 елінен жиналған спортшылар 7 түрлі салмақ дәрежесінде сынға түскен болатын. Барлығы байрақты бәсекеге 450 самбошы қатысыпты.

Бахыт Садвокасов