МТРА жаңалықтары

Евразиялық экономикалық одақ елдерімен тауар айналымы төмендеген

Теріскейдің сыртқы нарыққа шығаратын тауарының жартысынан астамы Евразиялық экономикалық одақ елдеріне жөнелтіледі екен. Сөйтіп, жыл басталғалы тауар айналымы – 236 млн. долларды құрапты. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5 пайызға кем.

Бұл ретте өлкеміздің негізгі серіктесі – Ресей екендігін айта кеткен жөн. Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер көршілерімізге 31 млн теңгенің өнімін саудаласа, олардан елімізге бұдан алты есе көп тауар импортталған. Ал Қырғызстанмен арадағы тауар айналымында теріскейліктер ұтуда. Бұл жерде өңірдің кәсіпорындары айыр қалпақты ағайындарға қарағанда өнімдерін 25 есе көбірек жеткізеді екен. Өкінішке қарай, Беларусь және Армения мемлекеттерімен арадағы сауда қатынастары көңіл көншітпейді. Өңірдің бұл елдермен тауар айналымы бір млн АҚШ долларына да жетпейтін көрінеді.

Магжан Ахмадина