Ауыл шаруашылығы

Астықты өлкеде шығарылған өнімдер елорда төрінде саудаланды.

Қазанның 20-сы мен 21 күндері Астана қаласында Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Оған қала мен өңір аудандарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты.

Жәрмеңкеде елордалық тұрғындарға ет, сүт, ұн өнімдері, шұжық және макарон, бал мен көкеністердің 100-ге тарта түрі қолжетімді бағамен ұсынылды. Яғни, теріскейлік тауарлар Астана базарларындағы бағалармен салыстырғанда 15-20 пайызға төмен болды. Осы жолы жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бас қалаға 700 тонна өнім жеткізген. Бұл күндері жәрмеңкеге әдейілеп келген астаналықтарға, өңірдің өнер ұжымдары мерекелік көңіл күй сыйлады.

Бахыт Садвокасов