Құқық қорғау органдары

Теріскейлік полицейлердің арасында самбодан жарыс өтті

Теріскейлік тәртіп сақшылары самбодан бақтарын сынады. “Динамо” стадионында өткен байрақты бәсекеге 80-нен астам спортшы қатысып, қаншалықты мықты екендерін анықтады.

Сайыстың қорытындысы бойынша алтын алқаларды облыстық ІІД жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері иеленді. 2-ші орынға тайыншалық полицейлер табан тіресе, үздік үштікті Уәлиханов аудандық ішкі істер бөлімінің командасы тұйықтады. Ендігі кезекте, облыстық деңгейде топ жарған полицейлер қараша айында Ақтау қаласында өтетін республикалық жарыста бақтарын тағы бір мәрте сынай алады.

Аслан Найманбаев – СҚО ІІД жедел әрекет ету арнайы жасағының инспекторы,
ауд:”Кез-келген қарсыластың тәжирибесі мен күшін есепке алу керек. Осы жарыста біраз тер төгуге тура келді. Оңай болған жоқ. Дегенмен, мықтылар ғана жеңіске жетеді.

Тогжан Акмагамбетова