Қоғам

Ғ.Мүсірепов ауданын абаттандыру ісіне 55 млн. теңге бөлінді

Биыл Ғ.Мүсірепов ауданында абаттандыру ісіне 55 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржыға тозған жолдар жөнделіп, көше бойларына суағарлар орнатылды.Сондай-ақ, республикалық бюджет есебінен жергілікті жерде кәріздік жүйелерді жүргізуге 3,5 млрд. теңге бағытталған. Бүгінде аталған қаржының бір бөлігі игеріліп, біраз шаруа тындырылыпты.

Бұл жердегі кәріз жүйелерінің құрылысы тамыз айының ортасында басталған болатын. Сол уақыттан бері жоспарланған 25 шақырым құбырдың 6 км-і тартылыпты. Оның 4-уі- қысымды, қалғаны – өзі ағып кететін кәріздік жүйелер. Құрылыс жұмыстарында пластикалық құбырлар пайдаланылыпы жатыр. Олар бұрынғы кеңестік баламаларынан әлдеқайда сапалы дейді мамандар, сондықтан, 50 жылға дейін қызмет етпек. Биыл аталған жұмыстарға “Өңірлерді дамыту” бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 384 млн. теңге бөлініпті. Маңызды шаруамен елордалық “Caspian contractors trust” серіктестігі айналысып жатыр.

Жұлдыз Какашин – жобаның бас инженері, Ғ.Мүсірепов атындағы аудан:

– Қарашаның аяғына дейін жұмыстарды аяқтаймыз. Бұл проект 2,5 жылға жоспарланған. 2020 жылдың аяғында бүкіл құбырлар мен тазалау құрылымы іске қосылады. Қазіргі кезде 18 жұмысшы еңбектенуде. 3 инжинерлік-техникалық жұмысшы және 13 жүргізуші.

2019 және 2020 жылдары болса, құрылыс жұмыстарын жалғастыру үшін 1,5 млрд. теңгеден бөлінетін болады. Осылайша, жобаның жалпы соммасы – 3 млрд 400 мыңды құрамақ. Кәріз жүйелерін тарту елді-мекеннің экологиялық ахуалын жақсартуға септеседі дейді мамандар.

Жұлдыз Какашин – жобаның бас инженері, Ғ.Мүсірепов атындағы аудан:

– Барлығы бір жерге келеді. Тазалау құрылымдарында барлығы тазартылады. Оның көмегімен ауылдың экологиялық жағдайы жақсарады. Қазіргі кезде барлығы биопрудтарға төгіліп жатыр. Олар тазарып, жаңа сушығатын болады.

Барлығы кәріз жүйелері Новоишим ауылының 13 көшесінде пайда болмақ. Ал, мына көшенің 5 шақырымдық учаскесі Петропавл мен Жезқазған қалаларын байланыстыратын республикалық маңызы бар күре жолдың бір бөлігі саналады. Оның бойында суағарлар болмағандықтан, жолды жыл сайын ағымдық жөндеуден өткізу қажет болатын. Бұл мәселені шешу үшін ауылда суағарлар орнатылып жатыр.

Саят Омаров – Ғ.Мүсірепов ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекшісі:

– Суағарлардың құрылысына биыл аудандық бюджеттен 10 млн. теңге бөлінді. Бұл қаражатқа күре жолдың бойына 463 метрге созылған суағарлар орнатылды. Үстіміздегі жылдың сәуір айында “Қазавтожол” акционерлік компаниясы жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Енді бұл мәселе бізді біразға дейін мазаламайтын болды.

Аталған шаруамен қатар, қазылған жерлер реттеліп, көшелерді қалпына келтіру жұмыстары қоса атқарылуда. Жалпы, биыл елді-мекендерді абаттандыру ісіне аудандық бюджеттен 55 млн. теңге жұмсалыпты. Тұрғындарды сапалы таза ауыз суымен қамту бағытында да нәтиже бар. Қазіргі таңда орталықтандырылған су жүйесі ауданның 85 пайызына жеткен.

Саят Омаров – Ғ.Мүсірепов ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекшісі:

– Алайда, бізде әлі де шешілмеген мәселелер бар. Тахтаброд, Гаршино және Новоселовка ауылдарының тұрғындары орталықтандырылған сумен қамтылмаған. Ол үшін биыл 20 млн. теңгеге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Енді шаруаға облыстық бюджеттен қаржы бөлінсе дейміз.

Ауданда жарықтандыру мәселесін де түбегейлі шешу керек. Мәселен, осыдан 3 жыл бұрын Пески ауылының көшелеріне жарық шамдары орнатылған. Алайда, тұрғындар оның қызығын жөндеп көре алмапты. Бүгіндері ауылдықтар тас қараңғыда жүруге мәжбүр.

Гүлнара Дүйсенова – Червонный ауылдық округ әкімі, Ғ.Мүсірепов атындағы аудан:

– Пески ауылындағы жарықтандыру борыштың кесірен тоқтатылды. 2017 жылдың шілдесінде энергияны бақылау жүйесі аудандық ТҮКШ бөлімінен Червонный ауылдық округының әкімдігіне тапсырылған болатын. Сол кезде осыған дейін пайдаланылған электр қуаты үшін берешектің жиналып қалғаны анықталды. Сондықтан, бір жыл көлемінде жарықты қоспай, үнемдеуге тура келді.

Мамандар барлық қарыз осы жылдың қарашасына дейін өтеліп, ауылда жарық көзі қайта қосылатынын сендірді.

Молдир Макишева