Спорт

Өңір хоккей клубы рудныйлық құраманы қапыда қалдырды

Жергілікті “Құлагер” командасы өз жанкүйерлерін кезекті жеңісімен қуантты. Қазанның 18-інде хоккейшілер сырт алаңда рудныйлық “Горнякпен” кездескен болатын.

Ойынның бірінші периодында қос құраманың имек таяқ шеберлері бірін-бірі барлаумен болды. Келесі 20 минуттықта айдын иелері теріскейліктерді қапыда қалдырып, көптен күткен шайбаны соқты. Бұған қарымта ретінде құлагерлік шабуылшы Евгений Попитич 3-ші таймның соңында таблодағы есепті теңестірді. Ал қосымша минутта құрама капитаны Ильгиз Нуриев тағы бір шайба кіргізіп, ұпай санын еселей түсті. Өстіп, теріскейлік құрама 36 ұпаймен турнирлік кестеде 2-ші орынға тұрақтады. Әзірге көшті көкшетаулық “Арлан” хоккей клубы бастап тұр.

Бахыт Садвокасов