Ауыл шаруашылығы

Жыл басынан ауыл шаруашылығы саласына 53 млрд.теңгенің инвестициясы құйылды

Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестиция көлемі артты. Жыл басынан бергі 9 айдың ішінде аталған кәсіпті дамытуға ынталы бизнесмендер өңір экономикасына 53 млрд.теңгенің қаржысын құйыпты.

Бұл облысқа тартылған жалпы инвестиция көлемінің 43 пайызын құрап отыр. Қалталы іскер азаматтар көбіне аралас ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы және маусымдық өсімдіктерді өсіру ісін қаржыландырған. Қомақты сомманың 83 пайызы кәсіпорындар есебінен, 5 процентін банктер, ал 12 пайызы инвесторлардың жеке қаражаты есебінен қаржыландырылыпты. Кәсіпкерлерді тарту бойынша Ғ.Мүсірепов пен Қызылжар аудандары көш бастап тұр. Статистик мамандар облыстың негізгі капиталына тартылған инвестиция мөлшері өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға артқандығын айтып отыр.

Бахыт Садвокасов