Ауа райы

Теріскейде жел күшейеді

Хабарымыздың соңында ауа райы жайлы ақпаратқа құлақ түріңіздер. Қазгидромед мамандарының хабарлауынша ертең, өңірдің кей аумақтарында желдің күші секундына 28 метрге дейін жетеді.

Одан бөлек, теріскейде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Тағы, бұрқасын соғуы да ықтимал. Сондықтан құтқарушылар сақтық шараларын назарда ұстауға кеңес береді.

Байболат  Култанов