МТРА жаңалықтары

“Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары облыс активімен кездесті

Биылғы жолдауда қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға басымдық беріліп отыр. Ол – әрине, бірінші кезекте отандастарымызды қолжетімді баспанамен қамту, жалақыны өсіріп, медицина мен білім саласын одан әрі дамыту. Осы орайда нақты белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда партиялықтар бірігіп ат салысулары қажет, – деді “Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев өңір активімен кездесуінде. Теріскейліктер Жолдау айқындаған межені бағындыруға әзір. Ал, жүктелген тапсырмалардың тиісті деңгейде орындалуы – қашанда көшбасшы партияның жіті бақылауында. Өз сөзінде Мәулен Әшімбаев жалпы Солтүстік Қазақстан облысында атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары бағасын берді.

Мәулен Әшімбаев – “Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

– Солтүстік Қазақстан облысының даму көрсеткіші жаман емес. Соңғы жылдары өлкелеріңізде бірқатар кәсіпорындар ашылып, тұрғындар жұмыспен қамтылуда. Елбасы тапсырмасы да тиісті деңгейде орындалып жатыр.

 

Бахыт Садвокасов