Қоғам

18-ші қазан – Рухани келісім күні

Қазанның 18-і – Рухани келісім күні. Осы орайда Иван Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада жиын өтті. “Рухани орталықта – халықтың ұлылығы” атты тақырып арқау болған басқосуға дін өкілдері мен колледж студенттері қатысты.

Мұнда негізінен әлемдік діндердің тарихы мен оның бүгінде алатын орны жайында сөз қозғалды. Жалпы, елімізде ұлтаралық татулық пен рухани келісім біздің басты темірқазығымыз болып табылады. Мәселен, қазіргі таңда ынтымағы мен бірлігі жарасқан мемлекетімізде 18 конфессия өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Ал, теріскейде 10 конфессия өкілі бар көрінеді. Айта кетсек, бүгіндері өңір аумағында 63 мешіт, православ сеніміндегілердің – 32 және католиктердің 11 шіркеуі жұмыс жасайды.

Айбек Сайдалин – облыстық “Қызылжар” орталық мешітінің наиб имамы:

– Құранда да Алла Тағала “Сендерді жұп қылып жараттық” деп айтады. Сондай-ақ, “Түрлі ұлттарға жараттық” дейді. Бір-бірлерінді тану үшін. Құранда да айтады сенің дінін өзінде, менің дінім өзіме. Яғни, басқа дін өкілдерін сыйлай білу керек. Өйткені, Пайғамбарымыз өзі де нәсірәлилерімен және әхудилерімен кездескен кезде оларға жақсы көзқараспен қараған. Яғни, адам барлығын сыйлау керек.

Эльмира Садвокасова