Konstitutsia banner mobile

Спорт

Солтүстікқазақстандықтар Пара Азия ойындарында екі қола медальға ие болды

Солтүстікқазақстандықтар Параазия ойындарында екі қола медальға ие болды. Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан Азиядаға әлемнің 43 елінен үш жарым мың спортшы қатысуда.

Өңірімізден ел құрамасы сапына екі жеңіл атлет пен жүзгіш алынған болатын. Сергей Харламов ұзындыққа секіруден 4 метр 62 см нәтижесімен, 3-ші орынға тұрақтады. Малайзия мен Өзбекстан спортшылары болса 1-ші және 2-ші орынды бөліп алды. Ал Иван Железняк ядро лақтырудан қатысқан. Оның көрсеткіші 11 метр 97 см құрап отыр. Осындай нәтиженің арқасында спортшы қола медальға ие болды.

Ешкенова Дана