Құқық қорғау органдары

Жол қозғалысын бақылаудың жаңа жүйесі

Тәртіп сақшылары жол қозғалысын бақылаудың жаңа жүйесін сынап жатыр. Осы орайда, бірнеше күн бойы Петропавл көшелерінде арнайы бейнебақылау кешені жұмыс істеуде. Шаһар бойынша мұндай 7 құрылғы орнатылған.

Портативті жүйе көлік қозғалыстарының жылдамдығын бақылайды. Бұған қоса, құқықбұзушыларды бірден автомобиль нөмірінің көмегімен дерекқордан іздеп табады екен. Осылайша, кешен іске қосылған күні-ақ жылдамдықты асырудың 50 фактісі тіркелген. Дегенмен, жоба қанатқақты болғандықтан, әзірге жылдамды шамадан тыс асырған жүргізушілерге айыппұл салынбайды.

Нұрбек Баекин – СҚО ІІД баспасөз қызметінің бас маманы:

–  Кешен ешбір сымсыз, электр қуатынсыз іске қосылады. Бұл құрылғыларды 10 минут ішінде орнатуға болады.

 Эльмира Садвокасова