Денсаулық сақтау

Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Қыркүйектің 27-сінде 1-ші қалалық ауруханаға менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен шаһар тұрғыны түскен болатын. Азамат жуырда ғана түзету мекемесінен жазасын өтеп шығыпты.

Өкінішке қарай, келесі күні ер адам көз жұмды. Марқұмның қауіпті менингококк жұқпасына шалдықпағаны анықталды. Алайда, оның бойынан менингиттің бактериалды түрі табылыпты. Аталған дерт басқаларға жұқпайды. Инфекция тек азамат ауруларының асқынуынан туындаған.

Дәуренбек Бейсембаев – СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Біздің өңірде менингокок инфекциясының тек бір жағдайы тіркелді. Дерттен Түркістан облысынан келген 35 жастағы нәзікжанды көз жұмды. Ал, қыркүйек айындағы екі факті расталмады. 18-дегі Айыртау ауданының тұрғыны мен 32 жастағы жігіттің бактериалды менингитке шалдыққаны анықталды. Алайда, дерттің бұл түрі басқаларға жұқпайтынын тағы да еске саламыз. Сондықтан, өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақты деп бағалаймыз.

Эльмира Садвокасова