Ауа райы

Ауа райының болжамы

Енді, хабарымыздың соңында ауа райы жайлы бірер ақпар. Қазгидромед мамандарының болжауынша, облыс аумағында алдағы 3 күнде жаңбыр жауып, қар түсуі мүмкін.

Ауа температурасы қазанның 11-інде күндіз +13 -тен 20 градусқа дейін көтеріледі. Ал оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетпек. Сенбіде керісінше ауа температурасы күндіз 0, түнде -5 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Синоптиктердің айтуынша, мұндай ауа райы арктикалық суық фрОнтпен байланысты болып отыр. Осы орайда төтенше жағдайлар департаментінің мамандары сақтық шараларын ұстануға кеңес береді.

Тогжан Акмагамбетова